Біз CRM туралы бәрін білеміз!
Background
Sanatel Consulting
kz
Шешімдер:
Бизнес аналитика Pentaho Terrasoft Коммуникационные решения Webitel Сервис тестирования персонала eTest.kz Европейский банк реконструкции и развития (ЕБРР)
 

Шешімдер / Sales

bpm’online sales қарапайым интерфейсімен жұмыс істеп рақаттаныңыз. Қажетті функция мен ақпаратты оңай табыңыз — қолданбаны компьютерде, планшетте және смартфонда қолдану бірдей жеңіл. Деректер мәтінмәнге сәйкес шығарылатындықтан, экранда тек ағымдағы жұмысқа маңызды деректер көрсетіліп, мәселенің шын мәніне зейін салуға көмектеседі.

 


Контактілер мен контрагенттердің бірыңғай қоры

Компанияңыздың контактілері мен контрагенттерінің бірыңғай қорын жасаңыз. bpm’online sales қолданбасында контрагенттердің байланыс деректері, мекенжайлары (оларды осы жерде картадан көруге болады), әлеуметтік желілердегі профильдері, ұйым құрылымы сақталады. Клиенттің толық кескіні қолда болса, дұрыс ынтымақтасу стратегиясын құруға және контрагенттермен қарым-қатынасты жақсартуға мүмкіндік аласыз.

Screenshot

 

Screenshot


Контрагенттер мен контактілерді сегменттерге бөлу

Контактілер мен контрагенттердің қорын ұйымның жұмысын ыңғайлы әрі тиімді ету үшін сегменттерге бөліңіз. Ақпаратты тез табу үшін клиенттерді салалар мен жылдық айналым бойынша бөлуге, ең басым клиенттерді немесе олардың санаттарын таңдаулы ретінде белгілеуге болады. Белгіленген параметрлерге сәйкес автоматты түрде толтырылатын динамикалық топтарда, мысалы, бір айдан астам хабарласпаған барлық клиенттерді көруге болады.


Қарым-қатынастар тарихы

Клиенттермен және серіктестермен хабарласудың толық тарихы негізінде қарым-қатынас құрыңыз. Жүйе барлық кездесулерді, қоңыраулар мен хабарларды, жасалған шарттарды, сату әрекеттерін, тапсырыстар мен шоттарды белгілі бір контактіге немесе контрагентке байланыстырып сақтайды. Осының арқасында контрагентпен жұмыс істеу қарқынына баға беріп, ынтымақтасу стратегиясын өзгертуге және тиісті шешім қабылдауға мүмкіндік туады.

Screenshot


Әлеуметтік желілерден дерек жинау

Біріктірілу арқасында Facebook және Twitter желілерінен контактілердің қосымша деректерін алыңыз. Әлеуметтік желілерден клиент туралы ақпарат алу үшін тінтуір түймесін басып қалсаңыз болғаны.


Клиенттік қор бойынша талдау

Компанияның одан әрі дамуын клиенттер қорын талдау негізінде жоспарлаңыз. Әр түрлі көрсеткіштер бойынша үздік клиенттерді бөлектеп, компанияның басым даму бағыттарын анықтауға болады. Талдау деректерімен жұмыс істеу ыңғайлы болуы үшін, қорытынды құралдарын қажетті көрсеткіштерге реттеуге болады.

Screenshot


Корпоративтік әлеуметтік желі

Корпоративтік әлеуметтік желі көмегімен компаниядағы оқиғалардан хабардар болып отырыңыз. Қызықтыратын хабарласу арналарының, жобалардың, шаралардың немесе тіпті контактілердің жаңалықтарына жазыла аласыз. Әдеттегі әлеуметтік желідегідей пікір алмасуға, лайк қоюға және түсіндірме қосуға болады.

Screenshot


Тапсырмалар және кесте

Жұмыс уақытын, кездесулер мен тапсырмаларды ыңғайлы кесте көмегімен жоспарлаңыз. Жеке немесе топ тапсырмаларын жасауға, оларға контактілерді, мәмілелерді я құжаттарды қосуға, сондай-ақ тапсырмалар мен кестені Google Calendar және Microsoft Exchange күнтізбелерімен синхрондауға болады. Маңызды оқиғалар туралы барлық ескертулер арнайы хабарландыру панелінде көрінеді.

Screenshot


Пошта

Электрондық хаттармен bpm’online sales жүйесінен өзіңіздің пошта жүйеңізге шықпай-ақ жұмыс істей аласыз. Сонымен қатар әрбір хат контрагенттерге, сату әрекеттеріне, тапсырыстарға және жүйенің басқа нысандарына байланыстырылады. MS Exchange және Google жүйелерімен интеграция арқасында bpm’online sales ішінде бірнеше пошта жәшігіндегі хаттарды біріктіруге болады. Жүйеге қажетті профильдерді қосып, хаттардың бәрін көре алатын боласыз.


Қоңыраулар

Клиенттерге жүйе ішінен қоңырау соғып, қоңырау қабылдауға болады. Ынтымақтасудың толық тарихын құру үшін барлық қоңыраулар жүйеде сақталады. Осының арқасында қоңыраулар бойынша мақсатты көрсеткіштерді қадағалауға, қызметкерлердің тиімділігі бойынша жеке кесінділерді реттеуге болады.


Бизнес процестер дизайнері

Күшті процесс құрастырушы көмегімен жүйеде реттеу арқылы бизнес процестерді автоматтандырыңыз. Жүйеде шара (тапсырмалар, қоңыраулар, хаттар) жасауға, интерфейс беттерімен жұмыс істеуге, деректерді өңдеуге, сыртқы қызметтерді шақыруға арналған алдын ала реттелген элементтер көмегімен процестерді BPMN нотациясында үлгілеңіз.

Screenshot


Процестерді бақылау және талдау

Процестердің орындалуын өлшейтін кез келген көрсеткіштерді (ұзақтық, орташа орындалу уақыты, максималды және минималды мәндер) кез келген кесіндіде (орындаушылар, бөлімшелер, өнім бағыттары) бақылауға болады. Процестерді орындалу барысында дэшбордтарға түсіріп, визуализация жасаңыз. Ыңғайлы процесс журналымен процестердің «тар» жерлерін қадағалаңыз.

Screenshot


Лидтерді тарту

Ықтимал клиенттердің қажеттіліктерін басқарып, олар келетін көздерді қадағалаңыз. Лидтерді Web2Lead сайтындағы тіркеу формасынан және басқа көздерден қосыңыз. Сол кезде жүйе деректерді автоматты түрде тексеріп, жаңа контакт жасайды да, сізді лидтермен жұмыс істеу процесімен жүргізіп отырады.


Лидтерді сатуға айналдыру

Сату жасамас бұрын клиентке хабарласып, оның қажеттіліктерін нақтылап алыңыз. Клиентпен хабарласу тарихын процесс бойынша жоспарланған шараларда сақтап отырыңыз. Клиент сатудың басталуына немесе тапсырысты рәсімдеуге дайын болса, тиісті процесті іске қосыңыз.


Компанияның барлық сату әрекеттерінің бірыңғай реестрі

Барлық сату әрекеттерін жүйенің бір бөлімінен басқарыңыз. Әрбір мәміле бойынша тактиканы, негізгі бәсекелестерді, олардың мықты және әлсіз жақтарын, клиент тарапынан мәміле қатысатын маңызды қатысушыларды, олардың шешім қабылдаудағы рөлдерін анықтаңыз. Клиенттің бюджетіне, мәміле кезеңі мен ықтималдығына, сондай-ақ мәмілені аяқтау күніне қарай, сату болжамын жасаңыз.

Screenshot


Ұсынысты дайындау және келісу

Коммерциялық ұсыныс дайындаңыз, өнімдердің құнын есептеңіз және құжаттарды нақты сату әрекетіне байланыстырып сақтаңыз. Құжаттарға бұрыштама қою процесінің көмегімен коммерциялық ұсынысты компания ішінде жылдам келісуге болады.


Сату құйғышы

Сату құйғышымен компания жұмысының әрбір сату кезеңіндегі тиімділігін талдап, менеджерлердің жұмысындағы «тар» жерлерді анықтаңыз. Кезеңдер арасындағы конверсияны, әрбір сату кезеңіндегі мәмілелер санын (құйғыш толықтығын) бағалауға және менеджерлердің немесе тіпті сату бөлімдерінің жеке құйғыштарын бір-бірімен салыстыруға болады.

Screenshot


Құжаттардың бірыңғай қоймасы

Bpm’online sales жүйесінде компанияның құжат айналымын жүргізіңіз. Жүйеде кез келген құжат түрін клиентке, сатуға, тапсырысқа байланыстырып тіркеңіз. Тез әрі оңай көру үшін құжаттың сканерленген көшірмесін қыстыруға немесе құжат файлын алдын ала реттелген үлгі бойынша жасап, оны жүйедегі деректермен автоматты түрде толтыруға болады. Әрбір құжат бойынша келісу тарихы мен шаралар хронологиясын сақтаңыз.

Screenshot


Құжаттарды келісу және оларға бұрыштама қою

Құжаттарға алдын ала реттелген процеспен бұрыштама қойыңыз. Жүйе жауапты тұлғаларға бұрыштама қою туралы хабарландыруды автоматты түрде жібереді. Сондай-ақ параллельді немесе ретті бұрыштама қоюды және бұрыштама қою өкілетін басқа біреуге беру тәртібін реттей аласыз.

Screenshot


Жобаларды басқару

Компанияның сыртқы және ішкі жобаларын басқару процесін оңтайландырыңыз. Жобаны орындауға қажетті қорлардың тізімін жасауға, жоба бюджетін белгілеуге, жоба мерзімдері мен тобын жоспарлауға болады.

Screenshot


Білім қоры

Барлық қажетті құжаттар мен жарияланымдарды бірыңғай білім қорында сақтаңыз: мақалалар, скрипттер, жаңа қызметкерлерге арналған нұсқаулар, құжаттардың үлгілері, презентациялар, жиі қойылатын сұрақтардың жауаптары. Жүйе түсіндірме және лайк қалдыруға мүмкіндік береді. Олардың арқасында авторлар мақалаларын жақсартуға және кейін талқылайтын қызықты тақырыптарды бөлектеп алуға мүмкіндік алады.

Screenshot


MS Exchange жүйесімен интеграция

Поштаны, контактілерді, тапсырмаларды және кестені MS Exchange жүйесімен синхрондаңыз. Синхрондау жиілігін реттеп (күніне бір рет, сағат сайын я одан жиі немесе тек қолмен), соңғы деректерді әрдайым көре аласыз.


Google жүйесімен интеграция

Поштаны, күнтізбені және контактілерді Google есептік жазбасымен синхрондаңыз. Екі жақты интеграция арқасында пошта жіберуге немесе күнтізбемен жұмыс істеуге арналған қолданбаларды ауыстырып қосу қажет болмайды.


Поштаның IMAP / SMTP арқылы интеграциясы

Пошта провайдерінің қарамастан клиентпен алмасқан электронды хаттардың барлық тарихын жүйеде сақтаңыз. Хаттарды bpm’online sales жүйесінен шықпай-ақ жіберуге және қабылдауға болады.


1С жүйесімен интеграция

Клиенттер қорын, анықтамалықтарды және құжаттарды есептік жазбаңызбен синхрондап, пайдаланушылардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіңіз. Негізгі параметрлерді қолдануға немесе синхрондалатын нысандардың тізіміне әзірлеушінің көмегінсіз жаңа мәндер қосуға болады.


Жүйені пайдаланушыға сәйкес реттеу

Жүйені бизнесіңіздің бірегей ерекшеліктеріне сай реттеңіз. Кез келген беттің сыртқы көрінісін тінтуір түймесін бірнеше рет басып реттеп, қажетті ақпаратты ғана, дэшбордттарды және олардағы кез келген көрсеткіштерді көре аласыз: графиктер, өлшеу көрсеткіштері, реестрлер. Бет шеберінің көмегімен bpm’online sales жүйесінде жаңа бөлімдер жасауға және қолдағы бөлімдерді өңдеуге мүмкіндік аласыз.


Пайдаланушыларды және рөлдерді басқару

Икемді реттеу арқылы пайдаланушылардың әр түрлі рөлдерінің деректерді қолдану құқықтарын шектеңіз. Жеке жазбаларды немесе олардың топтарын қолдану құқықтарын реттеуге, сондай-ақ белгілі бір рөлдегі пайдаланушы өзінің жұмыс орнында көретін бөлімдерді белгілеуге болады.

Screenshot


Пайдаланушылардың әрекеттерін журналға жазу

Журнал маңызды деректермен жасалған әрекеттерді сақтап, ақпаратты жылдам қалпына келтіруге немесе жүйедегі оқиғалар хронологиясын — не істелгенін, кім және қашан істегенін — түсінуге мүмкіндік береді.

 



Facebook
VKontakte
Google+
Youtube
YVision
LiveJournal
Instagram